ШҚО-да «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті

ШҚО-да «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті

Жеңіс күніне орай облыс орталығындағы Даңқ мемориалында «Өз шырағыңды жақ» акциясы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов отбасымен бірге қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Сұрапыл соғыстан оралмаған шығысқазақстандық боздақтардың рухына тағзым етіп, өшпес ерліктеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған акцияға жиналғандар жалпы саны 7199 шырақ жақты. Шырақтар үстіден қарағанда жұлдыз бен 81 санын бейнеледі. Себебі биыл Жеңіс жалауының желбірегеніне 81 жыл толып отыр.

Ары қарай шара мерекелік концертке ұласып, патриоттық әндер шырқалды. Соңында халық отшашуды тамашалады. 

Айта кетейік, «Өз шырағыңды жақ» акциясы Өскеменде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесу өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен...