Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге...

Шымкент қаласында соңғы жылдары тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытындағы...