Ерлан Ақкенженов Ресейдің энергетика блогының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

Ерлан Ақкенженов Ресейдің энергетика блогының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

​Мәскеуде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен және РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

​Келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде мұнай-газ саласы мен электр энергетикасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды талқылады.

​Тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және энергетика саласындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделі екендіктерін растады.

​Кездесулер қорытындысы бойынша екі ел экономикасының тұрақты дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған белсенді диалогты жалғастыру және бірлескен жобаларды пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы Жолдауларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет мемлекеттік қаржы, инфрақұрылым, инвестициялар, цифрландыру және әлеуметтік саясат...