Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, бұрын қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бейілділігін растады.

Сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ барлық деңгейлерде тұрақты диалогты қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай да талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...