Маңғыстау облысында есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды

Маңғыстау облысында есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды

Маңғыстау облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі өсіруге байланысты заңсыз әрекет әшкереленді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданындағы елді мекендердің бірінде орналасқан жеке тұрғын үйге жүргізілген тексеру барысында аулада есірткіге ұқсас өсімдіктерді жою әрекеті кезінде екі азамат ұсталды.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жүргізген тінту барысында шаруашылық құрылысының ішінен арнайы жабдықталған есірткі өсіру зертханасы анықталды. Атап айтқанда, фитолампалар, су сүзгілері, сұйық тыңайтқыштар, электр генераторлары және қарасора өсімдігі тәркіленді.

Сонымен қатар өзге шаруашылық құрылысынан фольгаға оралған марихуанаға ұқсас заттың 15 данасы, электронды таразы, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар мен ноутбук табылды. Үй аумағынан қосымша өсірілген өсімдіктер де анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 келі 840 грамм марихуана екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі және 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...