Сот бұрынғы шенеуніктерді ақтады

Сот бұрынғы шенеуніктерді ақтады

Судья Кемеңгер Имашев бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты үкім шығарды деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ.

«Сотталушылар Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібеков Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі емес деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылық жоқтығына байланысты ақталды», - деді судья.

Қылмыстық іс 3 жылға созылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Сәдібековті 2018 жылдың наурызында, Жақсалиевті маусымда ұстады. Оларға Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазалауға және санациялауға бөлінген 2 миллиард 680 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын.

Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік экс-министрлерге қатысты тергеу ісінің басталғанын хабарлаған еді. 2018 жылдың наурызында Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысымен сөз байласқан деген күдік пайда болды. Агенттік Щучье-Бурабай курорттық аймағында көлді тазалауға бөлінген аса көлемде бюджет қаражатын ұрлағаны туралы мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Облыс әкімі Берік Уәли Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында бірқатар шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында инвестициялық...