Таза Қазақстан: Астанада Нұра-Есіл бойы қоқыстан тазартылды

Таза Қазақстан: Астанада Нұра-Есіл бойы қоқыстан тазартылды
Астанада «Жасыл Ел» жобасы жастарының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Нұра-Есіл каналының жағалауында ауқымды экоакция өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында 50-ден астам Жасыл Ел жастары Нұра өзенінің бойын қоқыстан тазартып, аумағын тазалап, қоқыс жинады, санитарлық тазалық жұмысын жүргізді.

«Бұл акция арқылы көктемгі сенбіліктерге серпін беріп, табиғатты қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсеткіміз келеді. Мұндай игі бастамалар әсіресе жастардың белсенділігін арттырып, олардың қоғамға деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деді «Жасыл Ел» жобасының орынбасары Асылбек Абдурашитов.

Биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XXIІ еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 5200-ден астам 14 пен 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олар қаламыздың құрылыс нысанындарына, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмысына жұмылдырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...