«Заң мен тәртіп»: Қарағанды және Ұлытау облыстарында пробация есебіндегілерге арналған ауқымды челлендж өтті

«Заң мен тәртіп»: Қарағанды және Ұлытау облыстарында пробация есебіндегілерге арналған ауқымды челлендж өтті

05.05.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің барлық аумақтық пробация қызметтерінде есепте тұрған тұлғалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған ауқымды челлендж өтті.


Аталған бастама пробация қызметінің қызметкерлерін, полиция, прокуратура және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін біріктірді. Негізгі назар сотталғандарды қолдауға, олардың құқықтарын түсіндіруге, сондай-ақ қоғамға толыққанды бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтуге аударылды.


Челлендж аясында қатысушылар құқықтық диктант жазып, заңнаманы сақтау мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелерге қатысты, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қолдау шаралары бойынша түсіндірме алды. Ерекше назар жұмысқа орналасу және жазасын өтегеннен кейінгі бейімделу мәселелеріне аударылды.


Іс-шара Приозерск қаласынан Нұра ауданына дейінгі барлық өңірлерді қамтып, мемлекеттік органдардың адамдарға қолдау көрсету жолында тиімді әрі үйлесімді жұмыс істей алатынын көрсетті.
Мұндай бастамалар құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарып қана қоймай, азаматтардың табысты әлеуметтік бейімделуі арқылы қайталама құқық бұзушылықтың алдын алуға нақты жағдай жасайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...