Редактор Nur Otan медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандыру туралы заң жобасын сынға алды Nur Otan медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандыру туралы заң жобасын сынға алды Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандыру бойынша Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасын қайта қарауы керек. Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері айтты, деп хабарлады «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі. Заң жобасы емделуші сырқатының ауырлығын және оның денсаулық сақтау мекемесіндегі жағдайын ескерместен, медицина қызметкерінің науқастың өмірі мен денсаулығына келтірген зиянын өтеу міндетін көздейді. Кеңес мүшесі Татьяна Булгацевич атап өткендей, заңнамада «медициналық қатер» деген ұғым жоқ. «Біздің қызметкерлер жұмыс істейтін жағдайды дәрігерлер емес, мемлекет, бюджет мүмкіндіктері анықтайды. Ауылдық ауруханадағы рентген аппараты 1960 жылы шығарылған, соның салдарынан диагностикалық қателіктердің болу қаупі жоғары. Әртүрлі жағдайлар болады, хәлі ауыр, тіпті емделмейтін науқастар да бар. Оларға қанша қаласаңыз да көмектесу мүмкін емес. Дәрігерлер ғажайыптар жасай алмағаны үшін кінәлі болады ма?»,- деп атап өтті Татьяна Булгацевич. Спикер сондай-ақ заң жобасының мәтінінде дәрігердің байқаусызда қателік жібергені немесе диагностикалық процедураларды жүргізудегі олқылығы үшін жауапкершілігі көзделгеніне назар аударды. «Мұндай жағдайда дәрігерлер тек айыптаудан қорқып, тіпті тұмаумен ауырған кезде де молекулалық-биологиялық зерттеулерді тағайындайды. Бұл гипердиагностикаға әкеледі. Ал Денсаулық сақтау ресурстарын әсіресе, қазіргідей ковид пандемиясы жағдайында үнемдеп пайдалану қажет. Мамандық тартымдылығын жоғалтып, саладан мамандардың кетуі медициналық көмек сапасының төмендеуіне әкеледі. Мұның барлығынан түптеп келгенде емделушілер зардап шегеді», - деді Татьяна Булгацевич. Сонымен қатар, партиялықтар ҚР Қылмыстық кодексіндегі 317-бапты – «Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауын» талқылады. Кеңес мүшелерінің пікірінше, бұл норма медицина қызметкерлерінің құқықтарына нұқсан келтіреді Отырыс қорытындысында Кеңес Денсаулық сақтау министрлігіне ҚР Қылмыстық кодексінің, оның ішінде 317-бабы бойынша, елімізде «медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін» қозғалған істердің есебін және талдауын енгізуді ұсынды. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомство ҚР ҚК 317-бабын қайта қарау бойынша Парламентке ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етуі тиіс. Алдыңғы жаңалық Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді Келесі жаңалық А.Ташенова: «Мамай и Иманбаева пытаются выставить себя «жертвами» 40 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды Play «Мен тасада қала бастадым»: Димаш Құдайбергеннің продюсері ретінде танылған Алпамыс қазір қайда жүр? Тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылуда Құрылыста отандық өнімнің үлесі басым Сіз білесіз бе?
Азия Пара ойындарының жеңімпаздары Түркістанға оралды Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен V Азия Пара ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған Түркістан облысының спортшылары туған...
Түркістан облысында мақта өңдеу саласында тағы 2 зауыт ашылды Түркістан облысында мақта шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Отырар ауданы...
Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңі басталды Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Терең тарихтан – жарқын...
Облик Туркестана начинается с каждого жителя Глава государства Касым-Жомарт Токаев на первой сессии Народного Совета Казахстана неоднократно подвергал жесткой критике качество дорог в стране и...
Түркістанның келбеті – түркістандықтан басталады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында елдегі жол сапасы мен оның бойындағы инфрақұрылымның, соның...
Түркістан: Арыстағы Байырқұм ауылында спорт ғимараты ашылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты дамытуға, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға және жастарға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп...