Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Құрама қоржынына 3 алтын және 2 күміс медаль түсті. Қазақстан құрамасының бұл жарқын жеңісі халықаралық білім аренасында елдің зияткерлік әлеуетінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Астана қаласындағы Spectrum International School 12-сынып оқушысы Марғұлан Шарел Олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанды.
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Эльдар Усенов, Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы Эрик Лим, алтын медаль иеленді. Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 11-сынып оқушысы Ерасыл Алтынбек, Алматы қаласындағы Nurorda мектебінің 10-сынып оқушысы Ануар Ағыбаев күміс медаль алды.
Құрама жетекшілері – Қазақстан-Британ техникалық университетінің 4-курс студенті Ярослав Гальберг, Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі Асхат Абдыкулов.

