Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қарастырды.

Мемлекет басшысы Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтіп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін растады.

Президенттер ынтымақтастықтың қарқын алғанына мән беріп, сауда-экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін айтты. Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, іскер ортаның аясын кеңейту, сондай-ақ екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері пысықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили жаһандық және өңірлік күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу...

Житель г.Шымкент организовал и координировал работу подпольного интернет-казино, функционировавшего через мобильное приложение. Для реализации...