Алматы жастары әскери рух пен бірлікті «Жас бүркіт-2026» жиынында көрсетті

Алматы жастары әскери рух пен бірлікті «Жас бүркіт-2026» жиынында көрсетті

Алматы қаласында өткен «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны жас буынның әскери даярлығы мен патриоттық рухын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Ауқымды іс-шараға қаланың сегіз ауданынан келген мектеп оқушылары мен әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты.

Жалпы саны 15 команда әскери-спорттық сайыс барысында өздерінің дене дайындығын, тәртіп пен ұйымшылдығын, сондай-ақ тактикалық қабілеттерін жан-жақты көрсетті. Қатысушылар әртүрлі кезеңдерде жылдамдық, дәлдік және командалық үйлесімділік бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы барлық кезеңдер бойынша көрсетілген уақыт нәтижелерінің жиынтығы негізінде анықталды. Нәтижесінде №136 мектеп-гимназиясының «Жас сарбаз» командасы үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орын М.Ломоносов атындағы №38 қазақ-ресей гимназиясының «Қаһарман» командасына бұйырса, үшінші орынды М.Жұмабаев атындағы №137 мектептің «Жас сарбаз» командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздар Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы атынан генерал-майор Сакентай Шекарбековтың кубогы және арнайы дипломдармен марапатталды.

Бұл жиын жас ұрпақтың әскери қызметке қызығушылығын арттырып, ел қорғаны болуға деген жауапкершілігін күшейте түсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...