Шымкентте Юрий Васильевич Кунгурцевтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Шымкентте Юрий Васильевич Кунгурцевтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Шымкент қаласында көрнекті журналист, ақын, жазушы әрі аудармашы Юрий Васильевич Кунгурцевтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Тағылымды шара қалалық Достық үйі ғимаратында ұйымдастырылып, оған қаламгердің туыстары, әріптестері, достары мен оқырмандары қатысты. Кеш барысында Юрий Кунгурцевтің өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оның қазақ журналистикасы мен әдебиетіне қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Қатысушылар жазушы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылық мұрасын сақтау және есімін ұлықтау мәселелерін көтерді. Іс-шара аясында ақынның өлеңдері мен прозалық шығармаларынан үзінділер оқылып, кітаптары мен фотосуреттерінен көрме ұсынылды.

Юрий Кунгурцев саналы ғұмырын Шымкент қаласымен байланыстырып, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде еңбек етіп, бас редактор деңгейіне дейін көтерілді. Сонымен қатар, «48 сағат» газетінің негізін қалап, жергілікті журналистердің жаңа буынын тәрбиелеуге зор үлес қосты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады – Біріккен Ұлттар Ұйымын...

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы...