Түркістан облысында солтүстік өңірлерге оқуға шақыру туры өтіп жатыр

Түркістан облысында солтүстік өңірлерге оқуға шақыру туры өтіп жатыр

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде 31 наурыз-23 сәуір аралағында «SERPIN WAY 2.0» жобасын таныстыру мақсатында арнайы тур өтіп жатыр. Петропавл қаласынан басталған арнайы топ құрамында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің өкілдері мен Мансап орталығының мамандары бар. Олар жобаның артықшылықтарын түсіндірумен қатар, аталған оқу орнына талапкерлерді шақыру жұмыстарымен айналысуда. Бұл жайында университеттің маркетинг бөлімінің басшысы Олжас Мұхтар брифнгте мәлімдеді

«Қозыбаев университеті — Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет заманауи білім беру бағдарламаларымен, халықаралық серіктестіктерімен және студенттерге қолайлы инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Бүгінде университетте Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары жүзеге асырылып, студенттерге халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік берілуде. Сонымен қатар, университет білім сапасына, тәжірибеге бағытталған оқытуға және түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына ерекше назар аударады» - деді Олжас Маратұлы.

Жоба аясында 23 күн ішінде қатысушылар еліміздің 7 өңірін аралайды. Атап айтқанда, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарында кездесулер өтеді. Олар мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен сұхбаттасады. Өткен жылы Қозыбаев университетіне оңтүстік өңірлерден 130-ға жуық студент қабылданса, биыл 14 қала мен 16 ауылдық елді мекенді қамтымақ.

Сонымен қатар, брифингте «Тәуекел» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов елдегі көші-қон бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, өңір тұрғындарын солтүстік өңірге қоныс аударуға шақырды.

«2026 жылдан бастап көші-қон саясаты жаңа кезеңге өтуде. Бағдарлама еңбек нарығының нақты сұранысына негізделіп, әр өңір бойынша кадр қажеттілігі есепке алынады. Сонымен қатар, көші-қон процестерін цифрландыру және ашықтықты арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан өңірлері — жаңа мүмкіндіктер аймағы. Онда бос жұмыс орындары көп, тұрғын үй қолжетімді және мемлекеттік қолдау жоғары деңгейде»- деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру және азаматтардың құқықтық...

Үкімет үйінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, онда...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиын...

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Онда...