«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша келісімшарттарды рәсімдеу басталды

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша келісімшарттарды рәсімдеу басталды

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Тұран шағын ауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің 1 және 2-кезеңдегі конкурсына қатысқан азаматтармен сатып алу туралы келісімшарттарды рәсімдеу жұмыстары басталды.

1 және 2-кезең бойынша конкурстан өтіп мақұлданған 568 азаматтың сатып алу келісімшарты дайын, оның ішінде қазір 70 азамат келісімшарт түзіп, тіркеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған несиелік бағыттағы пәтерлер толығымен тұрғын үй басқармасының теңгеріміне тіркелген.

Азаматтар сатып алу келісімшартын рәсімдегеннен кейін осы жылға әлеуметтік көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын алу талаптарына сай келген жағдайда, ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы банктің хабарлама хатын ұсынып, өтінім беру мүмкіндігі бар.

Нәтижесінде Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...