Шымкентте жан басына қаржыландыру жобасы аясында 400 бала актерлік шеберлігін үйренеді

Шымкентте жан басына қаржыландыру жобасы аясында 400 бала актерлік шеберлігін үйренеді

Мемлекет басшысы өз Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Осы ретте биыл елімізде 1 мамырдан бастап шығармашылық тапсырыс бойынша жаңа стратегиялық шаралар қабылданды. Яғни, осыған дейін ақылы үйірмелер мен секцияларға барған балалар енді тегін қатыса алады.

Жаңа жүйемен жұмыс жасайтын орталықтардың бірі - ЖК «Паттеев». Осында 400 бала шығармашылық тапсырыс аясында тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік алды. Оның ішінде 200 бала деректі және ойын көркем киносына, ал 200 бала актерлық өнер бойынша үйірмеге қатысады. Үйірме «Шығыс» шағын ауданы 28 үйде орналасқан.

Бұл жобаға қатысу үшін бизнес өкілдері Artsport.edu.kz сайтында өтінім қалдырады. Ал, ата-аналар жүйеге кіріп, керекті орталыққа балаларын жаза алады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...