Адам өмірін құтқару жолындағы тәжірибе алмасу: Алматыда заманауи құтқару кешені көрсетілді

Адам өмірін құтқару жолындағы тәжірибе алмасу: Алматыда заманауи құтқару кешені көрсетілді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Канатбек Чыныбаев бастаған делегацияны №22 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметімен таныстырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімі таулы аймақтағы Алма-Арасан шатқалында орналасқан, ол ағымдағы жылдың наурыз айында ашылды. Нысан өрт сөндіру бөлімшесін, жеке құрамға арналған қызметтік тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ қызметкерлердің дене даярлығы мен қалпына келуіне арналған аймақтарды қамтитын заманауи көпфункционалды құтқару кешен болып табылады. Мұндай жағдайлар бөлімшенің тәулік бойы әрекет етуге дайын болуын қамтамасыз етеді.

Кешеннің тікелей таулы аймақта орналасуы құтқарушылардың оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, жетуі қиын аудандарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттырады. Алма-Арасан шатқалы Алматыдағы ең танымал туристік аймақтардың бірі болып табылады, осыған байланысты туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің қатарында.

Шыңғыс Әрінов мұндай заманауи құтқару кешендерін құру Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бастама өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің жедел дайындығын арттыруға, сондай-ақ қызметкерлердің қызмет ету жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...