Алматыда «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрме ашылады

Алматыда «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрме ашылады
2 сәуір күні Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастырған «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрменің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Көрме – «Таңбалы» музей-қорығы мен фотосуретші Владислав Кимнің бірлескен жобасы. Экспозиция Таңбалы петроглифтерін заманауи өнер мен цифрлық технологиялар арқылы жаңа қырынан таныстыруды мақсат етеді. Жобаның басты ұстанымы – аутенттілікті сақтау және түпнұсқаны қорғау.

Арт-объектіде ежелгі петроглифтер «бабалар коды» ретінде ұсынылады. Бұл – көне дүниетаным мен мифологияны, табиғат пен ғарыш туралы білімді жеткізетін ерекше символдық тіл. Иммерсивті мультимедиялық шешімдер келушілерге киелі кеңістіктің ерекше атмосферасын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, келушілерге көрме каталогы мен петроглифтер негізінде әзірленген авторлық сувенирлік өнімдер ұсынылады.

Көрменің ашылуына Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның өңірлік өкілдері, жартас өнерін зерттейтін шетелдік жетекші мамандар, Бүкіләлемдік мұра нысандарының басшылары, сондай-ақ отандық археологтар, тарихшылар, этнологтар, мәдениеттанушылар, музей саласының мамандары, жалпы орта және жоғары білім беру ұйымдары мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысады деп күтілуде.

Көрме «Жартас суреттерін витринасыз ұсыну: жартас өнерін таныстыру және кеңінен насихаттаудың заманауи тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен қорытындыланады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...