Шымкент қаласы республикалық мектеп лигасынан 2 орынды иемденді

Шымкент қаласы республикалық мектеп лигасынан 2 орынды иемденді

Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық Ұлттық Мектеп Лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Спорттың 10 түрінен өткен сайыстан оқушылар 10 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иемденді. 4 кезеңнен тұрған жарыстың ақтық мәресіне 360 шымкенттік оқушы қатысқан.

Жарыстың мақсаты - мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылданушыларды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау,бұхаралық спортты дамыту, спорт түрлері бойынша үздік мектеп командаларын анықтау.

Еске сала өтсек, Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен (баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, футбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, президенттік сынама) жас ерекшеліктері бойынша «Ұлттық Мектеп Лигасының» қалалық кезеңі ақпан-сәуір айларында өткізілген болатын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...