Үкімет жазғы туристік маусымға дайындықты күшейтуде

Үкімет жазғы туристік маусымға дайындықты күшейтуде

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірлердің жазғы туристік маусымға дайындығына арналған кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кеңеске туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, алты облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында Аида Балаева қатысушылардың жазғы маусымға дайындық деңгейі туралы есептерін тыңдады.

Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктері тарапынан өңірлерде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтіліп, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау мәселелерінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Дайындық жұмыстарының барысын бақылауды ҚР Туризм және спорт министрлігі облыс әкімдіктерімен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып үйлестіруде.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...