Су ресурстары және ирригация министрлігінің делегациясы вице-министр Талғат Момышевтің қатысуымен Римде өткен БҰҰ-ның UN-Water үйлестіру механизмінің 43-інші кездесуіне қатысты

Су ресурстары және ирригация министрлігінің делегациясы вице-министр Талғат Момышевтің қатысуымен Римде өткен БҰҰ-ның UN-Water үйлестіру механизмінің 43-інші кездесуіне қатысты

Кездесуде қазақстандық тарап су ресурстарын орнықты басқару бағытындағы ұстанымдарын, Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық аясында атқарылып жатқан шараларды, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасы шеңберінде халықаралық консультациялар өткізу жоспарларын таныстырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Сапар аясында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Ауыл шаруашылығын дамытудың халықаралық қорының басшылығымен де кездесулер өтті. Онда су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ирригациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы алдағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Елшілігінде Италияның Инженерлік және консалтингтік ұйымы (OICE) және Су-экологиялық және энергетикалық ұйымның (Water Environment Energy) өкілдерімен кездесулер өтті.

OICE ұйымымен өткен келіссөздер барысында бұған дейін қол қойылған меморандум аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері, соның ішінде су саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру перспективалары қаралды. Ал Water Environment Energy ұйымының өкілдерімен су технологиялары саласындағы ықтимал әріптестік бағыттары, соның ішінде су ресурстарын басқару бойынша тәжірибе мен құзыреттер алмасу мәселелері талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...