Қорғаныс министрінің орынбасары 47007 әскери бөлімін және бірқатар үздік әскери қызметшілерді марапаттады

Қорғаныс министрінің орынбасары 47007 әскери бөлімін және бірқатар үздік әскери қызметшілерді марапаттады

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің шешімен жоғары жауынгерлік дайындық көрсеткіштері және маңызды нысандарды күзетудегі сапалы қызметі үшін 47007 әскери бөлімі мен бірқатар әскери қызметшілер марапатталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Осыған орай Абай облысы Жарма ауданының Жаңғызтөбе кентінде орналасқан әскери бөлімге теледидар сыйға тартылды. Сарбаздар бос уақытында ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесінде танымдық бағдарламаларды тамашалап, жаңалықтар көруге пайдаланбақ.

Жеке құрамға марапаттарды Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Бауыржан Күреңкеев салтанатты жағдайда табыс етті.

Қолбасшылықтың өкімімен қырағылығы, қарауыл қызметі Жарғысының талаптарын қатаң сақтағаны және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін қатардағы жауынгер Ықылас Ділдәқанұлы қолсағатпен марапатталды.

Сонымен қатар, бірқатар әскери қызметшілерге қызметтік міндеттерін адал орындағаны және жауынгерлік дайындықтағы жетістіктері үшін грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болып, Мемлекет басшысы...