Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Ресей Президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге берілген мұндай бағамен келісетінін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық барлық стратегиялық салада қарқын алғанына назар аударды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...