Төрт мыңнан астам баланы тегін спорт секцияларымен қамту жұмыстары ұйымдастырылды

Төрт мыңнан астам баланы тегін спорт секцияларымен қамту жұмыстары ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын, жас ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне ерекше назар аудару қажет екендігін атап өткен болатын.

Қалада бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында тиімді іс-шаралар атқарылуда.

Қала әкімінің бастамасымен алғаш рет қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен «Шымкент жастар лигасы» өткізілді. Жастар лигасына 140 жалпы орта мектептің 536 командасы қатысты. Ойындарға 8569 оқушы қамтылды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларында шұғылданушылардың санын арттыру үшін тиісті инфрақұрылымды және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру іске асырылуда.

Бүгінгі таңда қалада 4096 балаға 71 спорт түрінен тегін спорт секцияларын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен (жан басына шаққандағы қаржыландыру) 339,8 млн теңге қаржы бағытталды. Бұл көрсеткіш 2021 жылы жалпы бос балалардың қосымша спорттық секциямен қамту үлесінің 5,3 %-ын құрайтын болады.

Айта кетейік, бүгінде қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорт клубы жұмыс істейді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...