14 мыңнан астам қазақстандық шетелде дауыс береді

14 мыңнан астам қазақстандық шетелде дауыс береді
Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдум кезінде 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «Референдум – 2026» онлайн марафонында хабарлады.

Оның айтуынша, шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны – 14380 адам.

«Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 3.00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. 9.00-ге дейін жалпы 34 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 350 адамды құрады. Ең соңғы ашылып-жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласында орналасқан. Ол бүгін сағат 19.00-де ашылады және 16 наурыз күні сағат 8.00-де жабылады. Сондай-ақ 14-16 наурыз аралығында Алматы және Астана қалаларында Халықаралық байқаушылар және шетелдік БАҚ-қа ықпалдасу орталығы жұмыс істейді. 15-16 наурызда Орталық алаңдарында халықаралық байқаушылар қатысуымен 15 брифинг өткізілмек», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...