Қазақстанда «Алтын белгіге» қойылатын талаптар күшейтіледі

Қазақстанда «Алтын белгіге» қойылатын талаптар күшейтіледі

Қазақстанда «Алтын белгі» төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі.

«Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Біз оларды жыл сайын кезең-кезеңімен қайта қарастырамыз. Өздеріңіз білесіздер. Былтыр бұл мәселені көтердік (қатаңдату туралы. - ескерт.), өзгерістер енгіздік. Биыл екінші кезең. Онда талапкерлер тек жылдың соңында ғана емес, сонымен қатар әр тоқсанда 5-11-сыныпқа дейін бес болуы керек. Мұндай талап енгізіліп жатыр, менің ойымша, бұл маңызды талап», - деді Аймағамбетов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...