Денисов ауданында «Қарлы десант» акциясы өтті

Денисов ауданында «Қарлы десант» акциясы өтті

Денисов ауданында республикалық «Қарлы десант» акциясы аясында еріктілер жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсетіп, игі іс атқарды, деп хабарлайды No-comment.kz - Қостанай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Акцияның басты мақсаты – қарттарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен өзара көмектесу мәдениетін қалыптастыру. Бұл бастама аудан жастарының белсенділігін арттырып, үлкен буынға құрмет көрсету дәстүрін дәріптеуге бағытталған.

Шара барысында ауданның белсенді жастары жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне барып, ауласы мен үй маңындағы аумақты қардан тазартты. Шамамен 10 ерікті бірлесе жұмыс істеп, 1,5 сағаттың ішінде аула ішін толықтай қардан аршып шықты.

«Қарлы десант» акциясы қыс мезгілінде дәстүрлі түрде өткізіліп, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...