Танк экипаждары жауынгерлік жағдайда нысаналарды жоюды пысықтады

Танк экипаждары жауынгерлік жағдайда нысаналарды жоюды пысықтады

Өскемен гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонында Т-72 жауынгерлік машинасынан штаттық атыс жаттығулары орындалды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оған танк батальонының басқармасы, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты.

Танк экипаждары ұрыс жағдайына келтіріліп, түрлі қашықтықтағы нысаналарды жою тапсырмаларын орындады. Әсіресе атысты басқару кезінде жедел шешім қабылдауға, сондай-ақ экипаждардың үйлесімді іс-қимылына айрықша көңіл бөлінді.

– Бұл оқу-жаттығуда танк экипаждары нақты әрі бірізді жұмысын көрсете білді. Жеке құрам жауынгерлік техниканы жетік меңгерген, дайындық деңгейі де жоғары. Мұндай іс-шаралар жауынгерлік қабілетімізді арттырып, кез келген күрделі тапсырмаларды орындауға дайындығымызды күшейтеді, – деді 2-танк ротасының командирі лейтенант Ерболат Еңсебаев.

Танк қаруынан штаттық снарядпен ату танкистер үшін жауынгерлік дайындықтың негізгі элементтерінің бірі саналады. Экипаждар штаттық қару-жарақтан дәл атуға дағдыланып, атысты басқару машығын жетілдіреді.

Жаттығу барысында әскери қызметшілер нысаналарды дәл жойып, бөлімше құрамында үйлесімді әрекет ету дағдыларын көрсетті. Атыс жаттығулары барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, ұйымдасқан түрде өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...