Шымкентте 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Шымкентте 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік бағдарлама ана тақырыбына арналған театрландырылған қойылыммен басталды. Қойылымды Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры мен Шымкент қалалық жастар театрының әртістері сахналады. Көрермендерге ұсынылған сахналық туынды ананың қоғамдағы орны мен қадір-қасиетін айшықтайтын әсерлі көріністермен ерекшеленді.
Концерттік кештің көркемдік бағдарламасын «Қазына» би ансамблі, Шымкент опера және балет театрының хоры және «Қаратау» фольклорлық ансамблі толықтырды. Өнер ұжымдары көрермен назарына ұлттық және заманауи бағыттағы музыкалық-хореографиялық нөмірлер ұсынды.
Сонымен қатар, мерекелік кешке қазақстандық эстрада жұлдыздары Еркін Нұржанов, Әділет Жауғашар және Астана Қарғабай қатысып, аналарға арналған әндерін орындады.
«Әлемді тербеткен ана...» атты мерекелік концерт аналарға деген құрмет пен ізеттің белгісі ретінде ұйымдастырылып, қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...