Конституция – қоғам тұрақтылығының негізі

Конституция – қоғам тұрақтылығының негізі

Шымкент қаласында тұрғындарға Конституцияның маңызы мен негізгі қағидаттарын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Осындай іс-шаралардың бірі қалалық №12 емханада өтіп, оған жергілікті тұрғындар мен медицина қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкент қалалық өкілдігі жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев сөз сөйлеп, еліміздің Ата заңы – Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі мен маңызына тоқталды. Ол Конституция мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін негізгі құжат екенін атап өтті.
Спикердің айтуынша, соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар мен жаңғыру бастамалары Конституция қағидаттарына негізделген. Бұл өз кезегінде әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік үдерістерге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Жиын барысында медицина саласы қызметкерлері үшін Конституцияда қарастырылған әлеуметтік кепілдіктердің, еңбек құқықтарының және адам өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты нормалардың маңызы ерекше екені айтылды. Сондай-ақ ақ халатты абзал жандардың қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары екені, сондықтан олардың елдегі саяси-құқықтық өзгерістерден тыс қалмай, оның мазмұнын терең түсінуі маңызды екені атап өтілді.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алд және жаңа Конституция жобасына қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...