Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған мурал салынды

Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған мурал салынды

Шымкент қаласында жаңа Конституцияны қолдау мақсатында көп қабатты тұрғын үйдің қасбетіне ауқымды мурал салынды. Нұрсәт-2 шағын ауданындағы №17 үйге салынған туындының биіктігі 14 метрді, ал, ені 10 метрді құрайды.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен салынған жаңа мурал – еліміздегі саяси жаңғыру үдерістерінің, әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадамдардың көркем бейнесі. Онда Конституциялық реформаның мәні, халық еркі мен бірлігінің маңызы, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары заманауи көркемдік тәсілдер арқылы айшықталған.
Айта кетейік, Жаңа Конституция жобасы елдің дамуындағы іргелі мәселелерді қамтып, мемлекеттілікті нығайтуға және құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған. Аталған құжатты қабылдау бойынша республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...