Қаратау ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі атқарылуда

Қаратау ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі атқарылуда

Қала әкімінің барлық аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелендіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов ауданда тазалық жұмыстарын күнделікті тұрақты атқару бойынша тапсырма берді.

Аталған тапсырма аясында бүгінде аудан аумағында тазалық жұмыстары күнделікті таңертең және кешкі ауысымда тұрақты жүргізілуде.

Аудан аумағында орталық және ішкі орам көшелердегі санитарлық тазалық жұмыстарын «Жасыл жер» ЖШС жүргізеді. Мекеме тарапынан ауданда кезекті тазалық жұмыстары атқарылды.

Іс-шара барысында көшелерге су себіліп, арықтар қоқыстардан тазартылды. Сонымен бірге, аулалардығы қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Айта кетсек, аталған бағыттағы жұмыстар аудан аумағында өз жалғасын табатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...