Төзімділік сынағы: 1600-ден астам әскери қызметші марш-челленджге қатысты

Төзімділік сынағы: 1600-ден астам әскери қызметші марш-челленджге қатысты

Жоспарлы жауынгерлік даярлық аясында «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері, сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері 10 шақырымдық жаяу маршқа шықты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ауқымды іс-шараға мерзімді қызмет сарбаздары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және офицерлер – барлығы 20 бөлімшеден 1600-ден астам жауынгер қатысты. Марш барысында әскери қызметшілер ұрыс жағдайына барынша жақындатылған ортада бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіріп, тактикалық міндеттерді пысықтады. Жорық ойлы-қырлы, табиғи кедергілерге толы жер бедерінде өтті.

Қатысушылар белгіленген қозғалыс қарқынын қатаң сақтай отырып, толық әскери жарақпен тапсырмаларды орындады. Қауіпсіздік талаптары мүлтіксіз сақталды. Бағдардың жекелеген тұстарында жедел шешім қабылдауды, міндеттерді нақты үйлестіруді талап ететін оқу тапсырмалары енгізілді. Жеке құрам барлау жүргізу, лекті күзету және алып жүру, сондай-ақ шартты төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет ету бойынша практикалық машықтарын көрсетті.

Әсіресе бөлімшелердің өзара үйлесімділігіне, басқару жүйесінің тұрақтылығына және бүкіл бағыт бойында жауынгерлік тәртіптің сақталуына баса мән берілді. Бөлімше командирлері қатысушылардың жоғары тәртібі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті. Арқалаған ауыр жүк пен күрделі жағдайларға қарамастан, жеке құрам төзімділік пен табандылық танытып, жоғары далалық дайындығын және кез келген жағдайда рухын сақтай алатынын дәлелдеді.

Барлық оқу-жауынгерлік міндеттер белгіленген мерзімде, толық көлемде орындалды. Марш-челлендж тек шыдамдылықтың сын сағаты ғана емес, сонымен қатар кәсіби шеберлікті шыңдауға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және жауынгерлік бауырластықты нығайтуға бағытталған маңызды даярлық кезеңіне айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...