Алматыда «BilimHack Almaty–2026» студенттік хакатоны өтті

Алматыда «BilimHack Almaty–2026» студенттік хакатоны өтті

Алматы қаласында колледж студенттері арасында «BilimHack Almaty–2026» қалалық хакатоны өтті. Ауқымды іс-шараға 72 команда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 200-ден астам студент қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Хакатонның негізгі мақсаты – колледж студенттерінің цифрлық құзыреттерін дамыту, қолданбалы инновацияларды қолдау және заманауи экономика талаптарына сай кәсіби дағдыларды қалыптастыру.

Жоба Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылып, Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде ұйымдастырылды. Хакатон форматында студенттер пәнаралық командалар құрамында нақты практикалық міндеттерді шешуге бағытталған технологиялық жобалар әзірледі.

Екі күн бойы қатысушылар білім беру процесін жетілдіру, кәсіптік бағдар беру сервистерін дамыту, инклюзивті цифрлық платформалар құру және оқу үдерісіне жасанды интеллект элементтерін енгізу бағытында жобаларын ұсынды.

Іріктеу кезеңінің нәтижесінде сарапшылар алқасы финалға 40 команданы анықтады. Жобалар инновациялық деңгейі, техникалық іске асырылуы, практикалық маңыздылығы және ауқымдау мүмкіндігі бойынша бағаланды. Хакатон барысында қатысушылар IT-компания өкілдерімен кәсіби байланыс орнатып, жобаларды одан әрі дамыту және тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін талқылады.

«BilimHack Almaty–2026» студенттердің инновациялық бастамаларын қолдауға және техникалық білім беру жүйесіндегі цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...