«AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу кезеңі басталады

«AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу кезеңі басталады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне қатысу үшін 100 000 қатысушыны ауқымды іріктеудің басталғанын жариялайды. Бағдарлама Қазақстан экономикасының басым салалары үшін қолданбалы ЖИ шешімдер әзірлеуге қабілетті, жасанды интеллект және кәсіпкерлік бағытында білімі бар мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Тіркелу және онлайн-тестілеу 2026 жылғы 2 наурыз бен 15 наурыз аралығында (сағат 23:59-ға дейін) өтеді.

Тіркелуден өту және тестілеу жолдары:

1. PlatonusApp мобильді қосымшасы арқылы (Platonus платформасын қолданатын ЖЖОББҰ білім алушылары үшін);

2. Егер сіздің университетіңіз Platonus платформасында жұмыс істемесе https://aisanatesting.kz сілтемесі немесе https://aisana.gov.kz ресми сайты арқылы кіре аласыз.

Оқудың басталуы 2026 жылғы 25 наурызға, ал II кезеңнің аяқталуы 2026 жылғы 10 маусымға жоспарланған.

Конкурстық іріктеуге келесі тұлғалар жіберіледі:

✔ Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қазіргі студенттері, магистранттары және докторанттары;

✔ 2026 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша білім алушылар;

✔ AI-Sana бағдарламасының I кезеңі немесе басқа да білім беру бағдарламалары аясында жасанды интеллект бойынша базалық курстардан өткен қатысушылар;

✔ Ағылшын тілінің базалық деңгейі бар үміткерлер (сертификат талап етілмейді). Базалық ағылшын тілі деңгейі бағдарлама бойынша одан әрі білім алу ЖИ модельдер, код (Python) және бейінді материалдармен жұмыс істеу үшін қажет.

II кезең бағдарламасы туралы

ЖИ базалық меңгеруден технологияларды практикалық қолдануға және жеке жобаларды әзірлеуге өтудің шешуші кезеңі. Жобаны іске асыруға Stanford және MIT университеттерінің өкілдерін, Кремний алқабының венчурлік қорларын және халықаралық бизнес-мектептерді қоса алғанда жетекші халықаралық сарапшылар тобы қатысады. II кезең материалдарын дайындау халықаралық сарапшы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Пол Кимнің жетекшілігімен Zemex Inc. (АҚШ) компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушылар:

✔ Машиналық оқыту модельдерін әзірлеп, үйрете алады;

✔ Python, Google Colab және Jupyter құралдарымен жұмыс істейді;

✔ Үлкен тілдік модельдер мен API-лерді қолданады;

✔ MVP (өнімнің алғашқы қарапайым нұсқасын) жасап, стартап-идеяларды тексереді;

✔ Инвестициялық және салалық трендтерді талдайды;

✔ Дизайн-ойлау әдісін қолданады;

✔ ЖИ этикалық аспектілерін ескереді;

✔ Технологиялық стартап тұжырымдамасын қалыптастырады.

«AI-Sana» бағдарламасы Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық және инновациялық дамуының ұлттық басымдықтары шеңберінде іске асырылады және елдегі ең ірі ЖИ қозғалысын қалыптастыруға бағытталған.

Толық ақпарат https://aisana.gov.kz ресми сайтында қолжетімді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы 26 – 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Республикасының Президенті Александр...