Шымкентте Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығы ашылды

Шымкентте Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығы ашылды

Шымкент қаласында Бельгия Корольдігінің Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа дипломатиялық өкілдік Шымкент қаласында, сондай-ақ, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қызмет көрсететін болады.

Іс-шараға Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрик Де Майер, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, дипломатиялық корпустың және іскерлік ортаның өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген қала әкімі Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадам екенін атап өтті. Шымкент Қазақстандағы үш ірі мегаполистің бірі ретінде өнеркәсіптік, инвестициялық және логистикалық әлеуетке ие екеніне, бұл бірлескен жобаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік беретініне тоқталып өтті.

Мегаполис басшысы Еуропа мемлекеттерімен серіктестікті дамыту халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін жеткізді. Сондай-ақ, консулдық қызметі сауда-экономикалық байланыстарға серпін беріп, инвестициялар тартуға және іскерлік қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...