Аудандық мобильді топ жұмысын жалғастыруда

Аудандық мобильді топ жұмысын жалғастыруда

Қаратау ауданы аумағында карантиндік шектеу шараларының алдын алу бойынша құрылған мобильді топ ағымдағы жылдың 12-13-14-15 тамыз күндері де қарқынды жалғастыруда.

Мониторинг жұмыстары аудан аумағында күндіз де және түнгі уақытта да жүйелі жүргізілуде.

Кезекті мониторинг жұмыстары барысында ауданда көптеген кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарды қатаң сақтай білсе, бірқатар нысандар шектеу шараларының талаптарын сақтамай сенбі-жексенбі күндері де жұмысын жүргізіп жатқандығы анықталды.

Жалпы анықталған кемшіліктерге аудандық мобильді топ тарапынан ескерту беріліп, нысан иелерінен түсініктеме алынды.

Аталған түсініктемелер арнайы шара көру мақсатында құзырлы мекемелерге жолданды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...