Польшаның ірі кәсіпкерлерінің бірі Шымкентте фармацевтикалық зауыт салады

Польшаның ірі кәсіпкерлерінің бірі Шымкентте фармацевтикалық зауыт салады

Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның («Polpharma Santo» сауда белгісі) өндірісін кеңейту бойынша ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті инвестициялық келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан мақұлданды.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында жаңа өндірістік қуатты желілер салынып, шығарылатын дәрілік препараттар 38 атауға дейін кеңейтіледі. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрілер бар.

Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланған. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында шамамен 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Польша тарапы, сондай-ақ, Шымкентте жаңа дәрілік өнімдерді әзірлеуге арналған ғылыми-зерттеу сынақ орталығы мен заманауи зертханаларды қамтитын Сапа және инновациялар орталығын салуды жоспарлап отыр.

Зауыттың ашылуы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және Шымкенттің елдегі жетекші фармацевтикалық орталықтардың бірі ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...