Шымкент қаласында спорттық гимнастикадан ашық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті

Шымкент қаласында спорттық гимнастикадан ашық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті

Шымкент қаласындағы спорттық гимнастика мектебінде спорттық гимнастикадан қаланың ашық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жарылқапұлы Жолдықараев қатысып, жарыстың ресми түрде басталғанын жариялады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген басқарма басшысының міндетін атқарушы қатысушыларды жарыстың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәтті өнер көрсетуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, мұндай жарыстар жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе жинақтауына және өзара тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Биылғы ашық чемпионатқа барлығы 194 спортшы қатысуда. Атап айтқанда, жарысқа Астана, Алматы, Павлодар қалаларынан, сондай-ақ Ташкент қаласынан келген спортшылар бақ сынауда.
Ашық чемпионат аясында қатысушылар түрлі бағдарламалар бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысқа түседі. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар арнайы марапатталады.
Аталған біріншілік өңірдегі спорттық гимнастиканың дамуына серпін беріп, жас спортшылардың жоғары жетістіктерге жетуіне жол ашады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...