Шымкент: «Атом энергетикасы – бейбіт өмірде» көрме-байқауы өтті

Шымкент: «Атом энергетикасы – бейбіт өмірде» көрме-байқауы өтті

Шымкент қаласының №2 Оқушылар сарайында «Атом энергетикасы – бейбіт өмірде» атты қалалық көрме-байқау өтті. Ғылыми-танымдық шараға 50-ден астам мектеп қатысып, жүздеген оқушы өз жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
Көрме барысында жас зерттеушілер атом энергиясының бейбіт мақсаттағы қолданылуын түрлі форматта таныстырды. Оқушылар ғылыми жобалар, макеттер мен техникалық үлгілер әзірлеп, инновациялық шешімдерін қорғады. Қатысушылардың бір бөлігі атом электр станциясының жұмыс істеу қағидаттарын түсіндірсе, енді бірі радиациялық қауіпсіздік пен экологиялық бақылау бағытындағы зерттеулеріне тоқталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, зерттеушілік дағдыларын дамыту және атом энергетикасының бейбіт бағыттағы рөлін кеңінен түсіндіру. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің сыни ойлау қабілетін қалыптастырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді.
Шара барысында атом технологияларының энергетикамен қатар медицина, ауыл шаруашылығы, өндіріс және экология салаларында да кеңінен қолданылатыны айтылды. Атап айтқанда, радиоизотоптарды пайдалану арқылы ауруларды ерте анықтау, өнім сапасын арттыру, өндірістік материалдарды бақылау және қоршаған ортаны мониторингтеу мүмкіндіктері таныстырылды.
Көрме-байқау ғылым мен білімнің өзара сабақтастығын айқындап, оқушылардың жауапкершілігі мен ізденісін көрсеткен мазмұнды алаңға айналды.
Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар жас буынның ғылымға бет бұруына, инновациялық ойлауын дамытуға және болашақта білікті маман болып қалыптасуына оң ықпал ететінін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...