Адам капиталын дамыту — мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты

Адам капиталын дамыту — мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты

Шымкент қаласындағы Мирас университеті базасында Жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, Ата Заңдағы жаңа нормалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды.
Кездесуді PhD докторы, қауымдастырылған профессор Гүлзада Шінет жүргізді. Ол өз сөзінде Конституцияда адам капиталының мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалуы қоғам дамуының жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті.
— Қазіргі кезеңде экономиканың басты ресурсы – табиғи байлық емес, білімді әрі білікті адам. Конституцияда білім мен ғылымға, кәсіби құзыреттілікке басымдық берілуі – мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясын ұстанатынын көрсетеді, – деді ол.
Жиында PhD докторы, аға оқытушы Мира Бекебаева жаңа нормалардың еңбек нарығына ықпалына тоқталды. Оның айтуынша, адам капиталына басымдық беру еңбек қатынастарының сапалық өзгеруіне негіз болады.
— Бәсекеге қабілеттілік енді тек өндіріс көлемімен емес, маманның кәсіби деңгейімен өлшенеді. Сондықтан білім беру саласына инвестиция салу – елдің тұрақты экономикалық дамуының кепілі, – деді ол.
Заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Нұржан Жақсылықов Конституциядағы құқықтық нормалардың азаматтардың күнделікті өмірімен тікелей байланысын түсіндірді.
— Конституциялық өзгерістер – абстрактілі ұғым емес. Азаматтың білім алуға қолжетімділігі, кәсіби дамуы және өз құқығын қорғау мүмкіндігі осы құжат аясында айқындалады. Сондықтан жаңа нормаларды терең түсіну әр азамат үшін маңызды, – деді Н.Жақсылықов.
Кездесу барысында қатысушылар білім беру жүйесін дамыту, жастардың кәсіби қалыптасуы және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру кездесулері азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық реформаның мәнін тереңірек ұғынуға ықпал етеді. Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...