Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болды

Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болды

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров көпшіліктен келіп түскен цифрлық дербес деректерді қорғау, жекеменшік мүлікті қорғау және ашықтық жайында пікірлер мен ұсыныстар жайында айтты.
«Ең бастысы, өзімізде бұрыннан талқыланып келе жатқан мәселе болды, ол – цифрлық қауіпсіздік, цифрлық деректерді қорғау және азаматтың құқығы тек қана офлайн емес, онлайн да қорғалуы. Оны Мәжілісте Цифрлық кодекске де енгіздік. Бірақ оны Ата заңымызда белгілеу өте маңызды болды. Қаншама азаматтарымыздың деректері желіге тарап кетіп, оны алаяқтар қолданып, азаматтарымыздың ақшаларын иеленіп кеткеніне куә болдық. Осыған тосқауыл қою, осыған төтеп беру үшін цифрлық деректерді қорғау болды, оны бекіту және дұрыс деңгейге шығару өте маңызды болды», - деді А.Қожаназаров.
Мәжіліс депутаты басқа да маңызды мәселелерге тоқталды.
«Бұл мәселемен маған бірнеше азамат жүгінді, ол – жекеменшік үйін, адамның баспанасын қорғау, оны сот шешімінсіз ешкімді үйінен шығаруға құқығы жоқ екенін бекіту. Бұл өте маңызды бап. Қазір түрлі-түрлі жағдайлар болып жатыр. Осыған жол бермес үшін осындай шешім қабылданды. Конституциямызды талқылау барысында қаралған тағы бір мәселе - ашықтық және халықпен кеңесу. ХХІ ғасырда қандай ел Конституцияны жазған кезде бүкіл халықпен ақылдасып, олардың пікірін жинап, оны тікелей эфирде көрсетті? Қазақстан ашықтығымен бірінші орында тұр деп ойлаймын», - деді А.Қожаназаров.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...