Шымкентте 3 магистралды су құбырының құрылысы жүріп жатыр

Шымкентте 3 магистралды су құбырының құрылысы жүріп жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Көмешбұлақ» су құбырының құрылыс барысын тексерді. Бұл қаланың Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында салынып жатыр. Ұзындығы 30 шақырымнан асады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытты қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды су құбыры мен 11 ішкі орамдық жүйелердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде биыл 9 елдімекендегі құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағынаудандарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Қала әкімі әрбір тұрғын алап пен шағынаудан тұрғындарына жасалатын жұмыстар туралы аудан әкімдері тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңызды екенін айтты.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...