Шымкентте Әйтеке би көшесінде жер асты өткелі салынады

Шымкентте Әйтеке би көшесінде жер асты өткелі салынады

Шымкент әкімі кезекті қаладағы құрылыс алаңдарын аралау барысында Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс жұмыстарын бақылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. «Ескі қалашық» аумағында құрылыстың ІІ кезеңіне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр. Мердігер – «Сити Строй» корпорациясы.

Қазіргі таңда мұнда жер негізін жасау жұмыстары жүзеге асуда, жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі бөлігі қарастырылған.

Осы уақытқа дейін 29 жекеменшік үй және 1 кәсіпкерлік нысан бұзылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет. Құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынбауы құрылыс қарқынын төмендетіп отыр.

Осыған орай шаһар басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...