Қаладағы эпидахуал бойынша штаб отырысы өтті

Қаладағы эпидахуал бойынша штаб отырысы өтті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен коронавирус инфекциясына қарсы қалалық штабтың отырысы өтті.

Жыл басынан бері қалада 25 мыңға жуық адамнан коронавирус инфекциясы тіркеліп, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 16 мыңнан астам науқас жазылып шыққан. Жалпы екпе науқаны басталғалы қаладағы 319 мыңнан аса тұрғын вакцинаның екінші компонентін қабылдаған.

Айта кетейік, соңғы аптада жедел медициналық көмекті шақырту көрсеткіші төмендеген. Мәселен, бір апта бұрын жедел жәрдем қызметіне бір күнде 2275 шақырту түскен болса, бүгінгі күні тәулігіне 2048-ді құрап отыр.

Ал, мобильдік бригадалар қызмет көрсеткен барлық пациенттерге клиникалық хаттама мен алгоритмге сәйкес емдеу тағайындалған. Базистік терапия анамнезінде 5756 пациенттің жағдайы жақсарғаны байқалған, бұл амбулаториялық бақылаудағы барлық пациенттердің 51,7% - ын құрайды екен.

Отырыс соңында жауапты мамандардың ұсыныс, пікірлерін тыңдаған қала әкімі короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топтың жұмысын жандандыруды сондай-ақ вакцинациялау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттілігі туралы айтты.

Қазір диспансерлік науқастар тобына жататын адамдардың ішінде созылмалы ауруы бар науқастардың 54% вакцина алған. Әкім қаладағы ахуалды назарға алып, вакцина алуға қарсы медициналық көрсетілім болмаған жағдайда созылмалы ауруы барларды да вакцина салдыруға шақыруды айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...