Шымкенттегі 144 көшеге шағал тас төселді

Шымкенттегі 144 көшеге шағал тас төселді

Қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде қаланың шалғай орналасқан шағын аударына жалпы 52,7 шақырымды құрайтын 144 көшеге шағал тас төселді. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.

Басқарма мамандарының айтуынша, жүргізілген жұмыстардың 47,2 шақырымы яғни, 131 көше Абай ауданына тиесілі екен, ал, қалған 13 көше, 5,2 шақырым жол Әл-Фараби ауданына қарасты.

Атап айтқанда Абай және Әл-Фараби аудандары бойынша Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Сәуле, 276 орам, Ақжар-2 тұрғын алаптарындағы көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «Асфальт» ЖШС атқарды.

Бұл тұрғын алаптар қалаға жаңадан қосылғандықтан ішкі орам көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмеген. Себебі орташа жөндеу жұмыстары ережеге сай инфрақұрылым жүйелері жүргізілгеннен кейін бастау алады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...