Әл-Фараби ауданында халық санағы бойынша қызмет көрсететін бұрыштар ашылуда

Әл-Фараби ауданында халық санағы бойынша қызмет көрсететін бұрыштар ашылуда

Халық санағы - мемлекеттік дәрежеге ие, халықтың саны мен құрамы жөніндегі мәліметтерді айқындайтын саяси іс-шара. Бүгінде Әл-Фараби ауданы аумағында қалалық Статистика департаменті мамандарымен бірлесе есептік және нұсқаушылық учаскелерге бөлу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Осы жылы болатын халық санағы алдыңғы өткізілген халық санағынан айырмашылығы ақпараттық технологияға басымдық беріліп, тұрғындарға қолайлы ғаламтор желісі арқылы өткізілуінде болып отыр. Осы себепті ауданда адам көп шоғырланатын 10 нүкте қарастырылып, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Онда санақшылар тұрғындарға халық санағы жайлы толық ақпарат беріп, азаматтарға арнайы сілтеме арқылы санаққа онлайн қатысудың тәсілдерін түсіндіретін болады.

Одан бөлек Шымкент қаласында санаққа қатысты ақпарат беретін 40 билбордтар ілінсе, оның 25-і Әл-Фараби ауданы аумағына орналастырылған.

Айта кетейік, Ұлттық Халық санағы 1-30 қыркүйек аралығында онлайн форматта, 1-30 қазан аралығында дәстүрлі түрде өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Санақ нәтижелері бойынша алынған деректер демографиялық үрдістерді өлшеуге, салыстыруға, талдауға және болжауға мүмкіндік береді. Сондықтан барша қала тұрғындарын белсенділік танытып, санаққа қатысуға шақырамыз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...