«Дәстүрім - асыл қазынам»

«Дәстүрім - асыл қазынам»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын ұсынады. Жобада ұлттық құндылықтарымыз ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміз қайта ұлықталады.

«Дәстүрім – асыл қазынам» жобасының алғашқы тақырыбы «Ерулік беру» дәстүріне арналады. Қазағымыздың кеңпейілділігін, жомарттығын, қонақжайлығын дәріптеген дәстүрлердің бірі – ерулік беру. Жаңа қонысқа көшіп келгендердің алғашында үйренісе алмай тосырқайтыны заңдылық. Сондықтан дана халқымыз ерулік беруді ойлап тапқан: бұрыннан отырғандар көшіп келгендердің үйін тігісіп, барлық көрші болып, кезек-кезек қоныстанушыларды бала-шағасымен қосып, түгел үйлеріне шақырып, танысып, білісіп араласып кетуге жағдай жасайды. Үлкендер де, бала-шаға да ерулік кезінде әбден танысады.

Қазіргі кезде әсіресе, үлкен қалаларда бұл дәстүр өкінішке орай, ұмытылып барады. Әдетте «көршіңіз кім?» деген сұраққа, «неше жыл тұрсам да білмеймін, танымаймын» деп жауап беретіндер көп. Сол себепті асыл дәстүрлерімізді ұмыт қалдырмай ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырғанымыз абзал болар еді.

«Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын күнделікті әлеуметтік желі парақшаларымызда (инстаграм: salt_dastur_ortalygy, shymqala.etnoauyl, фейсбук: Салт-дәстүр орталығы) тамашалай аласыздар, деп хабарлайды qazaqjoly.kz, деп хабарлайды no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...