Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды

Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 2025 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды. Экспозиция ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оқырмандарға отандық авторлар мен жаңа басылымдарды таныстыруды мақсат етеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Көрме төрт бөлімнен тұрады. «Отандық әдебиет» бөлімінде отандық қаламгерлердің заманауи прозасы мен поэзиясы, қазақ әдебиеті классиктерінің қайта басылған кітаптары қойылса, «Ғылыми-танымдық еңбектер» бөлімінде тарих, этнография, өнер және әлеуметтік ғылымдар бағытындағы жаңа зерттеулер таныстырылды. Сондай-ақ «Аударма жобалары» бөлімінде әлемдік ғылыми және көркем әдебиеттердің қазақ тіліндегі нұсқалары, ал  «Балалар әдебиеті» қатарына иллюстрациялық кітаптар қойылған.

Көрмені кітапхана оқырмандары 10 күн бойы тамашалай алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен...

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне тікелей қол жеткізуін...