Жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде

Жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде

Шымкент қаласының аудан аумақтарында 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісімшарт жасау қажеттігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Аталған құжатқа сәйкес мекеме тұрғын үйлердің жылыту жүйесін қысыммен тексеру және жуу, вентильді жөндеу, тығыздамалардың төсемдерін ауыстыру, жылыту жүйесін жоспарлы профилактикалық тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыратындығы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Айта кетейік, Еңбекші ауданында 530 жылу қабылдайтын көпқабатты үй тіркелген. Оның ішінде 295 үй жылыту маусымына дайын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан негізгі су...